Гүлжан Бекенова, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы қаласы мәслихатының депутаты: Орны толмас қайғыға ортақпыз

Гүлжан Бекенова, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы қаласы мәслихатының депутаты: Орны толмас қайғыға ортақпыз
сурет: Mezgil.kz

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасы жарылды. Қайғылы оқиға баршамызға ауыр тиді. Өз қызметтерін адал атқарып жүрген әскери қызметшілер, оқиға орнына дереу көмекке келген құтқарушылар мезгілсіз көз жұмды. Бейбіт күнде қаза болған азаматтардың жақындарына, отбасыларына көңіл айтамыз. Орны толмас қайғыға ортақпыз.