Гүлнар Сәрсенбекова, ҚазИТУ ректоры: Өнеркәсіптік әлеуетімізді дамытуға университеттер үлес қосуымыз керек

Гүлнар Сәрсенбекова, ҚазИТУ ректоры: Өнеркәсіптік әлеуетімізді дамытуға университеттер үлес қосуымыз керек
сурет: ҚазИТУ баспасөз қызметі

Жолдау жоғары оқу орындарына зор міндет жүктеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:Іс-қимыл кезеңі» Жолдауын Қазақ инженерлік-технологиялық университетінің ұжымы Білім күніне арналған салтанатты жиын барысында тыңдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолдауда жоғары оқу орындарының алдына, маман дайындау салалары аясында айтылған жүктеулерге тоқталып өткен ҚазИТУ ректоры Гүлнар Сәрсенбекова Жолдаудың Білім күні қарсаңында орын алуы жайдан-жай еместігін, қай мемлекеттің де өркениеттілігі ең бірінші біліммен анықталатындығының айғағы екендігін айтты. Сондай-ақ ол 1 қыркүйек күні Президент жүктеген мақсат-міндеттердің ең бастысы – қай салада болса да сапалы маманның қажеттілігі екендігін жеткізді. 

«Президенттің «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану» деген талаптардың үдесінен шығу үшін ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында мықты маман-кадрларды дайындауға ерекше серпін беру - университеттердің басты атқарар міндеті деп түсінемін», - деп атап өтті Гүлнар Сәрсенбекова.

Қазақ инженерлік-технологиялық университетінің басшысы Президенттің «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деген тапсырмасы осы салада тікелей мамандар даярлап отырған аталмыш оқу оорнына үлкен жауапкершілік жүктейтінін атады.

Ректор Жолдауда финанс, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылық салаларына мамандарды дайындау ерекшеліктері мен артықшылықтарына ерекше мән берілгендігіне тоқталды. Сондай-ақ білім ордасының басшысы осы салада мамандарды дайындауда оқу бағдарламаларының мазмұнын үнемі арттыру университет даму бағдарламасының негізгі бағыты екендігін айтып, аталған мамандықтарға оқуға түскен студенттерге сәттілік тіледі. 

Салтанатты жиынға оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар, студенттер және ата-аналар қатысты.