Гүлнара Каримованың 131 млн доллар активін Швейцария Өзбекстанға қайтаратын болды

Гүлнара Каримованың 131 млн доллар активін Швейцария Өзбекстанға қайтаратын болды
Сурет: Ашық дереккөз

Өзбекстан мен Швейцария билігі Гүлнара Каримованың қылмыстық активтерін қайтару туралы түпкілікті келісімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Келісім аясында Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнар Каримова басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ заңсыз иемденіп, Швейцарияда заңдастырылған 131 миллион доллар қайтарылады», - делінген министрліктің хабарламасында.

Келісімге Өзбекстан тарапынан Әділет министрі Русланбек Давлетов, Швейцария тарапынан президент Иньяцио Кассис қол қойды.