Гүлнар Кәрімованың ақшаларын Өзбекстанға қайтару үшін БҰҰ сенім қорын құрады

Гүлнар Кәрімованың ақшаларын Өзбекстанға қайтару үшін БҰҰ сенім қорын құрады
Сурет: Banker.ua

Қазір 131 миллион доллар қайтарылады деп күтіліп отыр.

Өзбекстанның бұрынғы Президенті Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнар Кәрімованың ақшасы елге қайтару үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының көпжақты сенім қорын құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Өзбекстанның Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік ұсынған ақпарат бойынша, Өзбекстан Кәрімова мен оның сыбайластары елден заңсыз әкеткен активтерді қайтару мәселесі бойынша Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей және басқа елдердің органдарымен жұмыс істеп жатыр.

«2022 жылдың 11 ақпанында Швейцария мен Өзбекстан кездесу ұйымдастырған. Жиында екі делегация да Біріккен Ұлттар Ұйымының көпжақты сенім қорын құруға келіскен. Қор Гүлнар Кәрімоваға қатысты қылмыстық іс жүргізу шеңберінде түпкілікті тәркіленген активтерді қайтару үшін пайдаланылатын болады», – делінген хабарламада.

Қазір 131 миллион доллар қайтарылады деп күтіліп отыр. Бұл қаржы Өзбекстанның әл-ауқатын жақсартуға жұмсалмақ.