Гүлнәр Бөрібаева: Қазақстан реформалардың жалғасқанын қолдайды

Гүлнәр Бөрібаева: Қазақстан реформалардың жалғасқанын қолдайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сайлаудың нәтижесі күткендей болып шықты.

Шоқана Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының баспасөз хатшысы Гүлнәр Бөрібаева Президент сайлауы жоғары деңгейде өтті, деп санайды. Оның пікірінше, сайлаудың нәтижесі күткендей болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Менің ойымша, сайлаудың нәтижесі анық. Cебебі халық өз басшысын жақсы біледі. Қасым-Жомарт Тоқаев қиын-қыстау кезеңде тізгінін ұстай алатын басшы ретінде көрсетті. Exit poll қорытындысын естігенде, мен шын жүректен қуандым. Себебі мен бастапқыдан Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдаған едім. Біздің жерлесіміз болғандықтан емес, мен оны тәуелсіз мемлекетіміздің лайықты басшысы ретінде көрдіктен қуандым», - дейді Гүлнәр Бөрібаева.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті.