Гүлмира Сатыбалдыға қатысты екі факт бойынша тергеу аяқталды

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты екі факт бойынша тергеу аяқталды
Сурет: Kapital.kz

Жәбірленушіге келген залал сомасы - 6,6 млрд теңгеден асады.

Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеудің бір бөлігін аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға жіберілді. Гүлмира Сатыбалды және оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген»,- делінген Антикоррупциялық қызметтің хабарламасында.

Тергеу сатысында мемлекетке келген залал толығымен өтелді. Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді.

Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алу және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр.