«Гүлдер» ансамблі көктемде қайта гүлдемек

«Гүлдер» ансамблі көктемде қайта гүлдемек Сурет: Qarmaqshy-tany.kz

 Көктемде би ұжымының жаңа құрамы тұсаукесер концертін өткізеді.


Бұл жайында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Жобаға дайындық барысында «Гүлдер» ансамблінің мұрағаттық материалдары мұқият зерделеніп, топтың «алтын қорынан» ең үздік нөмірлер іріктелді. Кешке мәдени ұжымның алғашқы солистері де қатысады. «Қазақконцерт» ұйымы «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жобасын қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Гастрольдік сапарлармен, өңірлерді аралап шығармашылық концерттер өткізеді.



«Тарихи брендіміз болып кеткен «Гүлдер» ансамблін жаңа құру. Осыдан 10-жылдай бұрын бұл ансамбль өз жұмысын тоқтатқан еді.  Бүгін біз ансамбльдің мұрағаттық қорынан ең таңдаулы деген нөмірлерін іріктеп алдық. Сонымен қатар барлық жастағы көрермендер үшін түрлі жанрлардағы шығармаларды қолға алдық», - деді Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21