Грецияда оcыдан 9 жыл бұрын ұрланған Пикассо картинасы табылды

Грецияда оcыдан 9 жыл бұрын ұрланған Пикассо картинасы табылды
Сурет:Wikiart.org

Грецияда оcыдан 9 жыл бұрын ұрланған Пикассо картинасы табылды

 

Грецияда Пабло Пикассоның 9 жыл бұрын Афины ұлттық галереясынан ұрланған «Әйелдің басы» картинасы табылды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz BBC хабарына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Питер Мондрианның «Жел диірмені» картинасы Пикассо картинасымен және тағы бір туындымен бірге ұрланған болатын. Қылмыскерлер 2012 жылы бірнеше минут ішінде үш картинаны ұрлап кеткен.

Полиция полотнолар әлі де Грецияда деп болжағаннан бірнеше ай өткен соң табылды.

Пикассо 1949 жылы галереяға нацистік Германияға грек қарсылығын ескере отырып, «Әйелдің басын» берді. Суретші картинаны 1939 жылы салған.

Мамыр айында Пикассоның «Терезе жанында отырған әйел» туындысы Christie's аукционында 103,4 миллион долларға сатылды.