Грэмми сыйлығының иегері Иманбек әлемдік турын жария етті

Грэмми сыйлығының иегері Иманбек әлемдік турын жария етті
Сурет: Elle.com.kz

Тур барысында диджей  24 концерт бермек

«Рахмет» туры жарияланды. Уақыты туралы хабардар болыңыздар», - деп жазды Иманбек Instagram парақшасында.

Диджейдің музыкалық туры 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт береді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт бермек. Еске сала кетейік, қазақстандық музыкант өткен жылы әйгілі Грэмми сыйлығын жеңіп алды. Сондай-ақ, жерлесіміз Ресейдің GQ журналының жыл сайынғы сыйлығында «Жыл жаңалығы» аталымында жеңіске жетті.