Грекияда орман өртенуде

Грекияда орман өртенуде
Сурет: Аljazeera.com

Өрт өршіп тұр.

Грек елінде де орман өрті дес бермей тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Хабар 24» сілтеме жасап.

Тілсіз жаудың қарқын алуына аймақтағы аптап ыстық пен қатты жел себеп болып отыр. Кей өңірлерде ауа температурасы 45 градустан асады. Күн райының қолайсыздығынан 100-ден астам өрт ошағы тіркелді.

Мамандар мұндай апаттың соңғы 30 жылда болмағанын айтады. Қазір 500 өрт сөндіруші мен 150 арнайы көлік, 18 ұшақ жалынмен арпалысып жатыр.

«Орман өрті өршіп тұрған өңірлерде ауа температурасы 45 градустан асып тұр. Ауаның ылғалдылығы 10%. Өрттің ушығуына ең қолайлы жағдай туындап тұр. Бофорт шкаласы бойынша желдің күшеюі 6 балға дейін жетеді. Елдің орманды алқаптарына қауіп төніп тұр», - деді Грекия азаматтық қорғаныс министрінің орынбасары Никос Хардалиас.