Грантқа түсе алмағандарға қандай мүмкіндіктер бар?

Грантқа түсе алмағандарға қандай мүмкіндіктер бар? Сурет: 24.kz

Мемлекеттік қайраткер, білім саласындағы экс-министр Асхат Аймағамбетов «Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады?» деген сауалға жауап берді.


Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында осындай сұрақ көп қойылып жатқанын, сондықтан жауап беруді жөн көргенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Неге?


Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үйлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады. 


Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді. 


Үшіншіден, «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар.


Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады.


Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады.


Алтыншыдан, «gap year» арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім. 


Жетіншіден, колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады. 


Көріп отырғандарыңыздай мүмкіндіктер өте көп. Бәрі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек, - деп жазды Асхат Аймағамбетов. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26