Головкиннің шотында қанша қаражат бар екені белгілі болды

Головкиннің шотында қанша қаражат бар екені белгілі болды
Cурет: Eurosport

Боксшы спорттағы мансабын аяқтауға жақын қалды

Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қаржылық жағдайы белгілі болды. Бұл туралы америкалық журналист Аллан Фокс мәлімдеді.

Ол бұл ақпаратты Celebrity Net Worth деректеріне сүйеніп айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокстың айтуынша, Головкин 2020 жылдың желтоқсан айынан бері рингке шықпаған. Мұның себебін танымал журналист оның қаржылық жағдайымен түсіндіреді.

«Головкиннің әрекетсіздігі оның танымалдылығына айтарлықтай нұқсан келтірді. Бірақ ол GGG үшін қалай әсер етіп жатқанын білмеймін. Гена спорттағы мансабын аяқтауға жақын қалды. Дегенмен қолғабын шегеге ілмес бұрын бірнеше жекпе-жек өткізсе дұрыс әрі әлемді таң қалдырар еді. Celebrity Net Worth деректері бойынша, Головкиннің есепшотында 30 миллион доллар бар. Егер Головкиннің мұндай байлығы болмаса, ол баяғыда қатарға оралар еді», — дейді Аллан Фокс.

Головкин 2022 жылдың көктемінде WBA Super әлем чемпионы Риота Муратаға қарсы жекпе-жек өткізетінін айта кетейік.