Головкиннің алдағы жекпе-жегінің күні анықталды

Головкиннің алдағы жекпе-жегінің күні  анықталды
Сурет: Fightnews.info

Отандасымыз келесі жекпе-жегіне дайындалуда.

Әйгілі америкалық журналист Дэн Рафаэль Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Муратаның (16-2, 13 КО) жекпе-жегі бойынша келіссөздер туралы жаңа ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Әуелгіде Головкин мен Муратаның жекпе-жегі 31 желтоқсанда Токиода Tokyo Dome аренасында өтеді деп жоспарланды. Алайда бұл кездесу басқа күнге және басқа жерге ауыстырылуы мүмкін.

«Келіссөздер жүріп жатыр, олар шарттарды талқылау сатысында, ал лагерьлер арасында түзету туралы ұсыныстар бар», - делінген дереккөздерде. «Жекпе-жек 28 желтоқсанда Токиодан тыс Сайтамада Saitama Super Arena-да өтеді», - деп жазды Рафаэль.