Головкин ресми түрде «суперчемпион» атанды

Головкин ресми түрде «суперчемпион» атанды
Сурет: Prosports.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) тұжырымы бойынша «суперчемпион» атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz.-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық бұл мәртебені сәуір айындағы жаңартылған рейтингте алды.

Еске салайық, 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) Головкин WBA Super және IBF титулдары үшін жекпе-жекте жапониялық Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутқа түсірген болатын.