Головкин – Мурата жекпе-жегі 2022 жылға қалдырылды

Головкин – Мурата жекпе-жегі 2022 жылға қалдырылды
Сурет:

Бұл ақпаратты жерлесіміздің қарсыласы растады

Жапониялық боксшы Риота Муратаның ісін жүргізетін Teiken Promotions компаниясы 29 желтоқсанға жоспарланған қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектің кейінге шегерілгенін растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Бұған дейін шетелдік БАҚ Сайтамада өтеді деген кездесу коронавирустың жаңа штамына байланысты кейінге шегерілетінін хабарлаған. 

«29 желтоқсанда Saitama Super Arena-да өтеді деп жоспарланған Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жек 29 қарашадан бастап шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салатын шешімге байланысты өтпейтін болды. Мұндай шешім Жапонияда коронавирустың "оmicron" штамын жұқтырған адамдардың анықталуына байланысты қабылданды.

Мүдделі тараптармен бірге жекпе-жек өтетін жаңа күнді талқылаймыз», – деді Teiken Promotions.

Головкин – Мурата жекпе-жегі 2022 жылы көктемде өтуі мүмкін.