Головкин-Мурата айқасы қашан өтеді?

Головкин-Мурата айқасы қашан өтеді?
allboxing.ru

ESPN инсайдері Майк Коппинджер орта салмақтағы әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы айқас Сайтамда (Жапония) 9 сәуірде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қарсыластар орта салмақтағы IBF, WBA Super және IBO титулдары үшін таласады. Коппинджердің айтуынша, шоу Жапонияда сенбі күні прайм-таймда өтеді, ал басты іс-шараның басталуы жергілікті уақыт бойынша 22-23 сағатқа жоспарланған. Осылайша, қазақстандық көрермендер астана уақытымен сағат 19:00-20:00 шамасында жекпе-жекті тамашалайды. АҚШ-та трансляция таңертең болады, оны DAZN стримингтік қызметі көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда Головкин — Мурата айқасы 2021 жылдың желтоқсан айының соңында өтуі керек еді, бірақ Жапонияда антиковидтік шаралардың күшеюіне байланысты кейінге қалдырылды.