Головкин мен «Канело» үшінші жекпе-жек алдында көз арбасты

Головкин мен «Канело» үшінші жекпе-жек алдында көз арбасты
Сурет: Дереккөз

«Қарсы алу салтанатына» қатысты 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) бетпе-бет қайта кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Боксшылар үшінші айқасқа бірнеше күн қалғанда MGM Grand ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылған «қарсы алу салтанатына» қатысты.
Головкин мен Альварестің үшінші айқасы 18 қыркүйек күні таңертең T-Mobile Arena-да өтеді. Дәл сол жерде 2017 және 2018 жылдары қос боксшының бірінші және екінші айқастары өткен болатын. Бірінші жекпе-жек төрешілердің әртүрлі пікірімен тең аяқталса, рематчта жеңіс көпшілік дауыспен мексикалық боксшыға берілді.