Головкин мен Канело үшінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды

Головкин мен Канело үшінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды
Cурет: Ашық дереккөз

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегінің гонорары белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Канело-GGG жекпе-жегі Спенс-Кроуфорд жекпе-жегінен әлде қайда ауқымды. Канело-GGG жекпе-жегінің бүкіл әлем бойынша табысы әлдеқайда көп болады. Сондықтан бұл екеуінің жекпе-жегі жалпы алғанда 80 миллион доллар табуға кепілдік береді», - деді бокс агенті Рик Глейзер.