Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегінің басталатын уақыты белгілі болды

Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегінің басталатын уақыты белгілі болды
Сурет: Inbusiness.kz

Жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады.

Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

WBA (Super), WBC, IBF және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске тігіледі. Тікелей трансляция DAZN ақылы стриминг сервисі арқылы көрсетіледі. 

Жекпе-жектің Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ. 

Головкиннің барлық соңғы жекпе-жектері Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көрсетілді. 

Осы дәстүр жалғасын табуы әбден мүмкін. 

Бұл - қазақстандық пен мексикалық арасындағы үшінші жекпе-жек болмақ. 

Біріншісінде тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті «Канелоға» берген болатын.