Головкин боксшыларымызды құттықтады

Головкин боксшыларымызды құттықтады
Сурет:

Головкин пікір білдірді

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатындағы жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ол өзінің твиттер желісіндегі жеке аккаунтына жазды.

«Қазақстандық боксшылардың Сербияда өткен әлем чемпионатында сәтті нәтижеге қол жеткізгеніне қуаныштымын. Жігіттерді, жаттықтырушыларды және Кеңес Хамитұлы бастаған федерацияны лайықты нәтижемен құттықтаймын. Азия ойындарына дайындықтарыңызға сәттілік тілеймін», - деді ол.