Головкин әлемдегі үздік 15 боксшының қатарында

Головкин әлемдегі үздік 15 боксшының қатарында
Сурет: Tengrinews.kz

Танымал World Boxing News басылымы ең мықты деген 50 боксшының тізімін жариялады.

Бұл - салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтинг. Жаңартылған нұсқада алдыңғы үштік өзгермеді. Яғни топ басында украиналық Александр Усик тұр. Екінші орында жапон боксшысы Наоя Иноуэ болса, одан кейін мексикалық Сауль Альварес орналасты. Ал қазақстандық Геннадий Головкин 15-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, бірер айдан кейін Головкин мен Альварес үшінші кездесуін өткізеді. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында болады. Қазірдің өзінде бокс кешінің билеттері сатылымға шығарылды. Бұған қоса қос боксшы бірлескен баспасөз мәслихатын өткізіп үлгірді.