Гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық гимнаст алтын алды

Гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық гимнаст алтын алды
Сурет: Gymnovosti.com

Іріктеуден бір деммен өтті. 

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Нариман Курбанов жеңіске жетті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Нариман гимнастикалық ат снарядында сынға түсіп, әлем үздіктерінің алдын орады. Ол финалдағы жаттығуы үшін төрешілерден 15.200 ұпай алған.

«Дохаға келіп, алтын алмай кетсем, өзімді кешірмейтін едім. Тек қана алтын аламын деген мақсат бар менде. Іріктеуден бір деммен өтіп, финалда өзімнің соңғы үш айда дайындаған жаттығуымды көрсетіп шықтым. Енді алда тағы екі кезең бар. Сол бәсекелерде өзімнің бар мүмкіндігімді көрсетуге тырысамын»,- деді спортшы басылымға берген сұхбатында.

Күміс медальді ирландиялық Рис МакКленаган иеленсе, қола жүлде армениялық Арутюн Мердинянға бұйырды.

Айта кетсек, Нариман Курбанов Котбуста (Германия) өткен әлем кубогінде финалда өнер көрсеткен.