Гимнастика: Спортшыларымыз әлем чемпионатына дайындықты бастады

Гимнастика: Спортшыларымыз әлем чемпионатына дайындықты бастады
Сурет: Іnbusiness.kz

Жаттығу ауыр болса, жарыста жеңіс болмақ

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, қазақстандық спортшылар көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысу үшін Жапонияға келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлттық құрама мүшелері бүгін әлем чемпионаты алдындағы бақылау жаттығуын жасады.

Айта кетерлігі, 27-31 қазан күндері Жапонияда өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы жекелей және топтық жарыс бойынша қатысады. Жекелей сында Эльжана Таниева мен Ділназ Байленова ел намысын қорғаса, топтық жаттығуда Айдана Шаяхметова, Даяна Шаяхметова, Милана Будник, Алина Чернышева, Айсұлу Мырзағалиева, Сағина Мұратқызы бақ сынайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZAKHSTAN NATIONAL TEAM (@kazteam_official)