Германия үкіметі қайта жасақталуы мүмкін

Германия үкіметі қайта жасақталуы мүмкін Сурет: 24.kz

Германияда қыркүйек айының соңында өткен парламенттік сайлаудан кейін жаңа үкімет құру туралы келіссөз әлі жүріп жатыр


Саяси додада Олаф Шольц бастаған социал-демократтар жеңіске жеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ал Ангела Меркельдің христиан-демократиялық партиясы сәл ғана айырмашылықпен жеңіліп қалған еді.


Бірақ консерваторлар өз ішінде кадрлық өзгерістер жүргізіп, доданы жалғастыруға ниетті. Қазір қос партия коалициялық үкімет құру туралы келіссөз жүргізіп жатыр.


Екі саяси күш те шағын партиялармен бірігуді қалайды. Тараптар бірнеше рет кездесу өткізді. Ал сарапшылар социал-демократтар мен жасылдар және еркін демкорраттардан тұратын үкімет құрылатын шығар деп пайымдайды.


Мұндай жағдайда Германияның канцлері Олаф Шольц болуы ықтимал.



«Барлық партиялар жанталасып жатыр. Келіссөздерден нәтиже күтуге болады. Барлық үш партия да өз жоспарын жүзеге асырып, рождество мейрамына дейін Германияда жаңа үкімет құрылады деп ойлаймын», - деді  социал-демократиялық партияның көшбасшысы Олаф Шольц.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42