Германияда күннің аптап ыстығынан егістік жерлер күйіп жатыр

Германияда күннің аптап ыстығынан егістік жерлер күйіп жатыр
Сурет: Дереккөз

Құрғақшылық пен ыстық

Германияда күннің аптап ыстығынан жүгері мен картоп алқаптары зардап шегуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Deutsche Welle сайты хабарлағандай, Германия фермерлері ауа температурасының тым ыстық болуы салдарынан құрғақшылық орын алып, егістіктері күйіп кете ме деп алаңдаулы. 

«Құрғақшылық пен ыстық – биылғы жылы бірқатар аймақтарда проблемаға айналып отыр», - деді Неміс шаруашылық одағының басшысы Йоахим Руквид. 

Айтуынша, ауа райының ыстық болуы астық алқабына айтарлықтай әсер еткен.

 - Егіні жиналмаған картоп пен жүгері де жоғары температурадан зардап  шегіп отыр. Жақын арада жауын-шашын болмаса, үлкен шығынға ұшыраймыз, - деп атап өтті ол.

2018 жылы сегіз федералдық аймақтағы германиялық фермерлердің жалпы шығыны 3 млрд еуроға жеткен. Руквид сол уақытта ел үкіметі мен федералдық жер иелерінен зардап шеккен аймақтарда ауыл шаруашылығы секторының өкілдеріне алғашқы көмек көрсетіп, жағдайды түсіндіруді сұраған болатын. 
Неміс метеорологиялық қызметінің деректеріне сәйкес, осы аптада орын алады деп күтіліп отырған ауа райы 40 градусқа жетуі мүмкін.