Германияда COVID-19 рекордтық көрсеткіші тіркелді

Германияда COVID-19 рекордтық көрсеткіші тіркелді
Сурет: Reuters

Пандемия басталғалы бері бұл елде 5,5 миллионға жуық адам инфекция жұқтырып, ковидке байланысты 99 мыңнан астам өлім тіркелген.

Өткен тәулікте Германияда COVID-19 ауруының рекордтық саны тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Роберт Кох институтының мәліметінше, 23 қарашада Германияда коронавирустың 66 мың 884 жаңа жағдайы анықталған. Жалпы, пандемия басталғалы бері елде 5,5 миллионға жуық дерлік жұқтыру жағдайы және инфекциямен байланысты 99 мыңнан астам өлім тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Еуропа қазіргі уақытта коронавирустық инфекциялар саны бойынша көш бастап тұр, олардың саны өткен аптада 11 пайызға өсті.

Бұған дейін Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан қыстың соңына қарай елдің бүкіл халқы не COVID-19-ға қарсы вакцина алады, не инфекцияның ауыр салдарымен бетпе-бет келетінін айтты.

«Мүмкін, қыстың соңына қарай, мысқылмен айтылып жүргендей, Германияның әр тұрғыны вакцинацияланады, емделеді немесе өледі», - деп болжады ол. Шпан әлі күнге дейін міндетті вакцинация идеясын қолдамайтынын атап өтті, оның айтуынша, бұл ұжымдық иммунитеттің пайда болуын жеделдете алмайды.

13 қарашада ел билігі 12 мың әскердің биылғы жылдың соңына дейін коронавирустың төртінші толқынымен күресуге жұмылдырылатынын хабарлады. Атап айтқанда, әскерилер неміс клиникаларында логистикалық қызмет көрсетеді және уақытша ауруханалар салады.