Германияда Бундестаг сайлауының экзит-пол нәтижесі жарияланды

Германияда Бундестаг сайлауының экзит-пол нәтижесі жарияланды
24.kz

Германиядағы Бундестаг сайлауының экзит-пол нәтижесі бойынша, Социал-демократиялық партия 25,8% дауыс жинап, көш бастап тұр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Хабар 24».

Консерваторлар үшін бұл - альянс тарихындағы ең төменгі көрсеткіш. Ал Христиан-демократиялық одағы мен Ангела Меркельдің Христиан-социал одағы бірлестігі 24,1% дауыспен екінші орында тұр.

Блок басшысы Армин Лашет осы үш партиядан коалиция құрылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

15% дауысқа ие болған «Жасылдар» партиясы да үштікке ілікті. Сайлаушылардың рекордты көлемі пошта арқылы дауыс берген. Олардың үлесі 40%-ке жуықтайды.

Германия Бундестагы енді бірнеше аптадан кейін жаңа канцлерді сайлауы тиіс. Сосын Үкімет құрамы жасақталады.