Германия жаңа жылда біршама қатаңдату жасайды

Германия жаңа жылда біршама қатаңдату жасайды
Сурет: Firmandex.com

Германия жаңа жылда локдаун енгізбейтін болды

Бірақ карантиндік шаралар қатаңдатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әдетте немістер жаңа жылды Берлиндегі Бранденбург қақпасында қарсы алып, қала орталығындағы мерекелік шараға жүздеген мың адам қатысатын. Бірақ биыл барлық ойын-сауық кештерін өткізуге тыйым салынған.

Отшашулар атуға да болмайды. Барлық клубтар мен би алаңдары жабылады. Ал мерекені тойлатуда 10 адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ.

Тәртіпті бұзғандарға 100 еуродан 500 еуроға дейін айыппұл салынады.

Шара мереке кезінде індетің өршіп, "омикронның" кеңінен таралуын болдырмас үшін қолға алынған.