Германия тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаны 87 рет алды

Германия тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаны 87 рет алды
Cурет: Inform.kz

Германия тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаны 87 рет алды

Ол күніне үш вакцинадан алған болуы мүмкін деп жазды неміс басылымы

Германия тұрғыны COVID-19-ға қарсы екпені 87 рет алған. Билік осылайша аталған азамат вакциналау сертификаттарын заңсыз сатқан деп санайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Frei Presse неміс газетінің жазуынша, 61 жастағы ер адам Саксония және Саксония-Анхальт шығыс-герман жерлеріндегі бірнеше вакциналау орталықтарына барған. Ол күніне үш вакцинадан алған болуы мүмкін деп жазды неміс басылымы.

Ер адам вакциналау орнына келген сайын, ол өзімен бірге вакцинация туралы жаңа таза құжат алып келіп жүрген. Екпе алғаннан кейін ол құжаттан вакцина нөмірлері туралы ақпараты бар беттерді алып тастаған. Бланкіні вакцинаны салдырғысы келмейтіндерге сатқан.

Сондай-ақ, ер адам вакцинация үшін өзінің нақты аты-жөні мен туған күнін пайдаланып, бірақ медициналық сақтандыру картасын көрсетпестен тіркелген.

Дрезден қаласындағы егу орталығындағы қызметкерлердің бірі бұл адамды таныған соң күдіктене бастаған. Келесі жолы ол Эйленбург қаласындағы екпе орталығына кірген кезде қызметкерлер полиция шақырып, ер адам ұсталған.

Журналистер бұл жағдай Германияның денсаулық сақтау жүйесіндегі олқылықтарды көрсетті деп жазды. Мұнда медициналық ақпарат негізінен цифрланбаған және орталықтандырылған жүйеде сақталмаған.

«Коронавирусқа қарсы вакциналардың ұлттық тізілімі бұл жағдайды дереу анықтай алар еді», - деді Саксония мемлекеттік медициналық қауымдастығының өкілі Кнут Келер газетке.

Германияда екпе алуға құқылы халықтың 75%-дан астамы толығымен вакциналанса, 58%-ға жуығы қайтадан екпе алған.