Германия Қырғызстанның қарызын кешіретін болды

Германия Қырғызстанның қарызын кешіретін болды
Cурет: Ашық дереккөз

Бұл 14 миллион 900 мың еуро

Неміс елінің шешімін қырғыз депутаты Дастан Бекеше жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Айтуынша, бір ғана шарт бар. Германия үкіметі бұл қаражатты табысы төмен қырғызстандықтарға ипотекалық несие ретінде үлестіріп беруді сұрап отыр.

Енді Қырғызстан қаржы министрлігі қаржыны әр сегіз ай сайын Мемлекеттік ипотекалық компанияға 5 миллион еуродан аударып тұруы тиіс.  

«Бюджеттік ұйымдардың беделін көтеру керек. Әсіресе бұл біздегі 8 мың мұғалімге қатысты.  Жастардың көбінің мектепте жұмыс істеуге ынтасы жоқ. Сондықтан бұл кәдімгідей жалақы алып, пәтер сатып алуды армандайтын білім, денсаулық сақтау салалары мен өзге бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін өте қажет», дейді мемлекеттік басқаруды талдау орталығының директоры Алмаз Тажыбай.