Германия қазақстандық мұнайдың жеткізілуін күтуде

Германия қазақстандық мұнайдың жеткізілуін күтуде
Суреттер: Google.com

Неміс тарапы жыл сайын 5 млн тонна қара алтын экспортына тапсырыс берген.

Бұл жөнінде «ҚазМұнайГаз» басшысы арнамыздағы «Президент» жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

- Экспорттың алғашқы партиясы келер айда Германияның шығысына жөнелтіледі,-деді Мағзұм  Мырзағалиев. Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаты 10 млн тоннадан астам шикізатты өңдеуге жетеді. Осылайша зауыт Берлин мен елдің шығыс аймағын отынмен қамтамасыз етеді.

«Мұнда бірнеше мәселе бар:  біріншісі мұнай бағасына байланысты, екіншісі мұнайды басқа порттардан жеткізу керек. Бұған дейін мұнайымызды Новоросийск теңіз порты мен Балтық теңізіндегі  Усть-Луга арқылы жеткізетінбіз. Демек, осы порттардағы мұнайды алып, неміс тарапына басқа жолмен жеткізу керек болады. Қазір келіссөздер қызу жүріп жатыр», - деді «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Мырзағалиевтың айтуынша, Қазақстан қара алтынды немістерге Каспий құбыр желісі консорциумымен салыстырғанда анағұрлым тиімді шартпен саудаламақ. Естеріңізде болса, бұған дейін Германия ресейлік мұнайдан бас тартып, оны қазақстандық өнімге алмастыратыны жайлы ақпар тараған болатын. Бұл жөнінде толығырақ арнамызда сағат 20:30-да шығатын «Президент» бағдарламасынан білуге болады.