Геннадий Головкин жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Геннадий Головкин жанкүйерлеріне алғысын білдірді
Сурет: Sport.kg

Жанкүйерлеріне ұнау үшін бәрін жасайтынын айтты.

WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Канело Альвереспен жекпе-жек қарсаңында жанкүйерлеріне үндеу жолдады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 

«Барша бокс жанкүйеріне, осы жекпе-жекті күтіп, уайымдап, мені қолдайтын барлық жанға алғыс айтқым келеді. Мен өз тарапымнан  бұл шынымен де керемет бокс кеші, қазіргі кездегі ең үлкен жекпе-жек және керемет шоу болатынына кепілдік бере аламын. Сіздерге ұнау үшін бәрін жасаймыз», – деді GGG Instagram-да жарияланған видеода.

Қазақстандық спортшы видеоға үш тілде сипаттама жазды: «Very grateful for all your support! Барша қолдауларыңызға мың алғыс! Благодарен за всю вашу поддержку!»
Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Біріншісі кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.

Бұған дейін спортшылар баспасөз конференциясында көз арбасқан еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)