Генерал-майор Қайдар Қарақұлов тергеу изоляторынан босатылды

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов тергеу изоляторынан босатылды
Сурет: Aikyn.kz

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов тергеу изоляторынан босатылды. Бұл ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің Әскери-тергеу басқармасы растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бас прокурордың көмекшісі қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қажеттілігінің болмауына байланысты Қарақұловты уақытша ұстау изоляторынан босатты», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Дегенмен сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылысқа қатысты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Қайдар Қарақұлов қамауға алынған болатын.

Ал осы жылдың 15 наурызында Мемлекет басшысының өкімімен Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.