Гарри Поттер туралы фильмнің жалғасы түсіріледі

Гарри Поттер туралы фильмнің жалғасы түсіріледі
Сурет: Ашық дереккөз

Фильм үлкен экранға екі бөлімде шығады

Warner Brothers Studios «Гарри Поттер мен қарғыс атқан бала» жаңа франшизасын жасауға кірісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Warner Bros студиясы «Гарри Поттер мен қарғыс атқан бала» картинасын үлкен экранға шығару жолдарын іздеп жатыр», - деп жазды The Sun басылымы дереккөзге сілтеме жасап.

Мұндай шешім Вест-Энд театрындағы (West End theatre) пьесаның танымалдығына байланысты қабылданған.

«Гарри Поттер мен қарғыс атқан бала» фильмін түсіру жоспары бастапқы кезеңде екені нақтыланды. Режиссерлер Дэниел Рэдклиффті өз рөліне оралуға шақыруды жоспарлап отыр. «Фильммен жұмыс істеп жатқан әрбір жан Дэниел Рэдклиффті басты рөлді көргісі келіп жатыр. Алайда алдымен оның бөлімдерін белгілеп, сценарийін жазу керек және бюджет нақтылау қажет», - деп жазды The Sun.

Фильм үлкен экранға екі бөлімде шығады.

Басылымның атап өтуінше, Дэниелмен бірге Гарри Поттер фильмдеріне түскен Гермиона Грейнджердің рөлін сомдаған Эмма Уотсон актерлік мансабын жалғастырса, Рон рөлімен танымал Руперт Гринт жылжымайтын мүлік саласында бизнеске кеткен.

Гарри Поттер танымал франшизасы әлемдік прокатта 6,4 млрд фунт стерлингтен астам қаражат жинаған еді.