Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк басшысы қызметіне тағайындалды

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк басшысы қызметіне тағайындалды Сурет: Inform.kz

Сенат депутаттары оның кандидатурасын қолдады.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы қызметіне  «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының экс-басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты ұсынды, оған Сенат депутаттары келісім берді. Бұл туралы бүгін жоғарғы палата отырысында белгілі  болды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz  cілтеме жасап.


Жиында Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Пірматовтың дәл қазір «омикрон» штамымен сырқаттанып жатқанын, сондықтан өзі келіп қатыса алмағанын мәлімдеді.  



«Сауыққаннан кейін, депутаттар алдына келіп, Ұлттық банкті дамыту туралы жоспарын таныстыруды тапсырамыз», - деді ол. 



Ғалымжан Пірматов 1972 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы. 


Ол Новосибирск мемлекеттік университетінің, Қазақстан экономика және болжау менеджменті институтының, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University және INSEAD түлегі. Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры қызметін атқарған.


2005-2007 жылдары Ғалымжан Пірматов «Ұлттық Банк» АҚ Инвестициялық банкинг департаментінің директоры болған. 


2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 


2009-2011 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, және 2011-2015 жылдары Cameco Kazakhstan компаниясының президенті қызметтерін атқарды. 


2015-2017 жылдары Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары болған. 2017 жылдың тамыз айынан-2021 жылдың тамызына дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46