Ғалымдар Күн дауылының жағымсыз әсері болатынын ескертуде

Ғалымдар Күн дауылының жағымсыз әсері болатынын ескертуде Сурет: ашық дереккөз

Бүгін – 17 шілде, дүйсенбіде Жер бетіне Күн дауылының жағымсыз әсері болуы мүмкін деп ескертеді ғалымдар.


Күн бетіндегі әдепкіден қуатты жарылыс үш бірдей Күн алауын пайда қылған.  Одан шыққан дауыл Жерге жағымсыз әсерлерімен жетеді.


Бұндай ескертуді Мәскеудегі Федоров атындағы қолданбалы геофизика институтынің ғалымдары жасаған. Институт ғалымдарының мәлімдемесіне  жексенбіде Күн бетінен байқалған үш бірдей үлкен алау себеп болған. Бұны X класындағы алаулар, соның ішінде протондық алаулардың болуы мүмкін деп болжап отыр. Оның Жердегі әсері қысқа толқынды радио қабылдағыштардан байқалады. Өзге де жағымсыз әсерлері болуы мүмкін.


Шынтауйтында, Күн дауылы дегеніміз Жердегі кәдімгі дауылға мүлде ұқсамайды. Ол аса қатерлі радиациялық сәуелелерге ие Күн энергиясының дауылы. Егер Жерді өзінің магниттік өрісі және атмосферасы қорғап тұрмағанда, бұндай қуатты Күн дауы тіршілікті бірнеше секунттің ішінде жойып жіберуі мүмкін.


X класындағы алаулар күн жүйелеріндегі ең үлкен жарылыстар болып табылады және ұзаққа созылатын радиациялық дауылдарды тудыруы мүмкін. Протондық алаулар - бұл негізінен протоннан тұратын күн энергиясы бөлшектерінің дауылдары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04