Ғалым Әбдімәлік Нысанбаев өмірден өтті

Ғалым Әбдімәлік Нысанбаев өмірден өтті
Сурет: Inform.kz

Ғалым, академик Әбдімәлік Нысанбаев 85 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ол - Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қарауылтөбе ауылында туған ғалым, философия ғылым докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері. «Әлемдік философиялық мұра» топтамасы Әбдімәлік Нысанбаевтың басқаруымен тұңғыш рет қазақшаға аударылды. Нысанбаевтың негізгі зерттеу еңбектері диалектика және таным теориясы, ғылым философиясы мен методологиясы, қазақ және түркі, әлеуметтік және саяси философия мәселелеріне арналды. Ол ғылыми мектеп қалыптастырып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындады. Нысанбаев 570-тен астам ғылыми еңбек жазған. Бірқатар шығармалары шет тілдерінде жарық көрген.