Гаитидегі зілзаладан қаза тапқандар саны екі мыңға жуықтады

Гаитидегі зілзаладан қаза тапқандар саны екі мыңға жуықтады
nationalworld.com

Гаитиде жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 1941-ге, ал жарақат алғандар 10 мыңға жуықтады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілмей жатыр. Елдегі ауруханаларда бос орын жоқ. Жергілікті билік үйінділер астында тағы адамдар болуы мүмкін деп топшылайды. Іздестіру жұмыстарына АҚШ-тың қорғаныс күштері аймаққа 8 тікұшақ пен 7 кеме жөнелтті.

Ал баспанасынан айырылған 30 мың тұрғын уақытша шатырларда түнеуге мәжбүр.

Естеріңізге салайық, 7,2 балдық жер сілкінісінен 100 мыңға жуық ғимарат жермен-жексен болды. Құтқару жұмыстарына қатты жел мен нөсер жауын кедергі келтірген. Мамандар «Грейс» атты тропикалық дауыл кеше Гаитиді жағалай өтіп Ямайкаға қарай бет алғанын айтады.