Гүлді ерекше ұнатады әйелдер, Гүлдерге ұқсап тұрғаннан соң өздері

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ

 8 март

 Әйелдердің күні

дейді бұл күнді,

Бақтар жайнап,

сайратады

бұлбұлды.

Еркек түгел

еркелерге

берем деп,

Қолдарына ұстап

апты бір гүлді.

 

Осынау күн – беделі

бір өскен күн,

Жұрттың бәрін мен

өзіме дос көрдім.

Қай қияға жұмсаса

да баратын,

Әйелдерге антын

бұзбас әскермін.

 

Ұмытылмай сонау

жастық кездегі

Айтылады

махаббаттың

сөздері.

Гүлді ерекше

ұнатады әйелдер,

Гүлдерге ұқсап

тұрғаннан соң өздері.

 

Көктем алды

Алатаудың өңірін,

Таңмен бірге әнге

басты Бек інім.

Бір шоқ гүлді мен де

келем көтеріп,

Күлтайымның

алайын деп

көңілін.

 

Наз

 Маралтай РАЙЫМБЕКҰЛЫ

Қызылды көрсе,

тамағы кенет бүлкілдеп,

Қияда қыран қанатын

  қомдап сілкінбек.

Жүректе тербеп сезімнің                            

Нәзік тамырын,

Бұралып басып қызғалдақ                              

Ару үлпілдеп,

Барады, әне!

Көшеде өлең теріп мен

Көз ала алмай келемін әсем

 көріктен.

 

Алға озып кеткен уақытым

 Сынды бұрылып,

Қиылып сен де қарадың,                             

Қарғам неліктен?  

 

Аққудың ерке елесі болып                              

Ай қабақ,

Барасың қайда еркімді менің                              

Байлап ап?

Лүпілдеп мендей тұр ма екен                              

Әлде жүрегің,

Арман-ау, шіркін,                              

Көрсемші бір сәт аймалап.  

 

Іліп-ақ түсер лашыны едім                              

Тау-құздың,

Назарды қалай назыңа,                              

Қалқам-ау, ауғыздың?

Тілімде еріп барады жалғыз                              

Балдай сөз:

– Мерекеңізбен!

(Сегізі ертең наурыздың!)

 

Қарағым

Қандай шіркін, әдемі еді, қарасың,

Кірпігіңді неше аударып барасың.

Келбетіңе ынтызар боп қарадым,

Ұяң екен, қара мойыл жанарың.

 

Қарағым…

Барады өтіп жігіттік бір заманым,

Өткен күннің белгісі ғой самайым.

Аққу қонған айдын көлде жүруші ек,

Қайда қалды сол махаббат аралым?!

 

Қарағым…

Үкідейін биязы екен самалың,

Көп ішінде ерекше бір дарасың.

Алатаудың елігіндей еркелеп,

Кірпігіңмен қиып өтіп барасың.

 

Қарағым…

Сымбатыңмен тым өзгеше данасың,

Дегендей-ақ жұрттың бәрі қарасын.

Қалың елдің нөпіріне ілесіп,

Сен де алыстап, ұзап сіңіп барасың.

 

Ерлан ТОҚТАСЫНҰЛЫ,

Алматы қаласы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *