Ауыз су мәселесі қашан да өзекті

Ауыз су мәселесі қашан да өзекті
Сурет: Top-news.kz

Тіршілік көзін қолжетімді ету үшін бар күш-жігерді салу керек.

21 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде жобалардың онлайн-презентациясын өткізді.Бұл презентация барысында шаһар басшысы қаланың коммуналдық инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту, су бұру және сумен жабдықтау, қала көшелерін жарықтандыру туралы айтып берді. «Алматыбасжоспарлау» ғылыми-зерттеу институтының бас инженері Гүлнар Майданқызы Алматының бірқатар шағынаудандарында су құбыры мен кәріз жүйесі мүлдем болмағандығын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгінде ауыз судың сапасы мен қолжетімділігі әлемдік мәселеге айналып отыр.  Себебі, халықты сапалы ауыз сумен қамту - ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі.  Сондықтан тіршілік көзін қолжетімді ету үшін бар күш-жігерді салу керек деп санаймын. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев кезекті тікелей эфирінде қала аудандарын су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында салынып жатқан және жоспарланған инженерлік желілер құрылысымен таныстырды. Инфрақұрылымның орталық аймақтарда біркелкі дамымағанын, алайда бұл жағдай қосалқы аудандар мен шет аймақтармен салыстырғанда жақсы екенін атап өтті» », – дейді Гүлнар Майданқызы. 

Гүлнар Майданқызының айтуынша, қаланың кейбір бөліктерінде әлі де тұрақты сумен жабдықтау жоқ. 

«Тұрғындар көше бағандарын немесе бұрынғы шаруа қожалықтарының желілерін пайдалануға мәжбүр. Бірқатар шағынаудандарда су құбыры мен кәріз жүйесі мүлдем болмаған.Қала тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту олардың сапалы өмір сүруіне тікелей қатысты», – дейді Гүлнар Майданқызы.