Футзалдан «Yeleu Cup» халықаралық турнирі аяқталды

Футзалдан «Yeleu Cup» халықаралық турнирі аяқталды
Сурет: Inform.kz

Ресейлік команда елордада өткен «Yeleu Cup» халықаралық турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Футзалдан әуесқой және кәсіпқой командалар қатысатын жарыс 2002 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.

Турнир Нұр-Сұлтан қаласында 5 - 8 мамыр аралығында өтті. Оған Қазақстан және көршілес елдерден 16 команда қатысты.

ҚР футбол федерациясынан мәлім еткендей, мерейтойлы турнирде Ресейдің «Макушино» командасы топ жарды. Олар финалда елордалық «Сайран» командасын 1:0 есебімен ұтты.

Шараның салтанатты жабылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділет Барменқұлов қатысты.