Футзалдан Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамы жарияланды

Футзалдан Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамы жарияланды
Сурет: Ашық дереккөзі

Тізімге 16 ойыншы енді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Словениямен өтетін кездесуге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады деп хабарлады Almaty-akshamy.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тізімге 16 ойыншы енді. Жарақатына байланысты ұлттық құраманың көшбасшылары Біржан Оразов пен Эдсон шақырту алмады.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы:
Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Нұрәлем Байдулла («Рахмет»), Андрей Голубничий («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов (барлығы – «Қайрат»), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Азат Валиуллин («Аят»), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, (екеуі де – «Каспий»), Евгений Кошкин, Ақжол Дәрібай (екеуі де – «Астана»), Серік Мәжитов («Байтерек»);

Футзалдан Қазақстан құрамасы 8 қазан күні 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын Словениямен өткізеді. Матч Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады.