Футзалдан ӘЧ: Қазақстан Өзбекстан құрамасын жеңді

Футзалдан ӘЧ: Қазақстан Өзбекстан құрамасын жеңді
Сурет: Prosports.kz

Малайзияда есту қабілетінен айрылған 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында футзалдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Онда Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан командасы өзбекстандық қарсыластарын 9:4 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Ойын басында қазақстандықтардың қорғаныстағы қателігін ұтымды қолданған өзбек спортшылары есеп ашып, 0:2 нәтижесімен алға шықты.

Дегенмен ел футболшылары тез жинақталып, бірнеше минутта 4 гол соғып, есепті өз еншілеріне бұрды.

Енді Қазақстан құрамасы «А» тобының 1/4 финалында келесі ойынды 11 желтоқсанда Әзірбайжан командасына қарсы өткізеді. Жартылай финалға өткен жағдайда спортшыларымыз Малайзия - Тайланд матчының жеңімпазымен кездесетін болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандықтар әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Қытай құрамасын 22:0 есебімен ойсырата жеңген еді.