Футболдан Ұлттар лигасында Германия өз алаңында Венгрияға жеңілді

Футболдан Ұлттар лигасында Германия өз алаңында Венгрияға жеңілді
Сурет: Sportexpress.ru

Футболдан UEFA Ұлттар лигасы бесінші турының екінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл күнгі ойындар арасында А дивизионы үшінші тобындағы Германияның өз алаңында Венгрияға 0:1 есебімен жеңіліп қалуы жанкүйерлер қызығушылығын туғызды. Турнир кестесінде германиялық құрама небәрі үшінші орынды қанағат тұтып тұр. Аталған топтағы тағы бір кездесуде Италия Англияны 1:0 есебімен сүріндірді.

Сондай-ақ, С дивизионы төртінші тобындағы Грузия алдағы маусымда В лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Бұл жаңалық олардың өз алаңында Солтүстік Македонияны 2:0 есебімен жеңгеннен кейін белгілі болды. Аталған топта Болгария Гибралтарды 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Аталған турдағы ойын нәтижелері төмендегіше:

А дивизионы. Үшінші топ. Германия - Венгрия 0:1, Италия - Англия 1:0

В дивизионы. Үшінші топ. Босния мен Герцоговина - Черногория 1:0, Финляндия - Румыния 1:1

С дивизионы. Төртінші топ. Грузия - Солтүстік Македония 2:0, Болгария - Гибралтар 5:1

D дивизионы. Екінші топ. Эстония - Мальта 2:1

Енді бесінші тур 24 қыркүйек күні мәресіне жетеді.