Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан Словакияны жеңді

Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан Словакияны жеңді
Cурет: Ашық дереккөз

Словакия - Қазақстан - 0:1

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы екінші ойынын Словакияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Словакияда өткен матчта Қазақстан құрамасы сенсация жасап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды алғашқы таймда Аслан Дарабаев соқты.

Айта кетейік, Магомед Адиев шәкірттері бұған дейін Әзербайжан құрамасынан 2:0 есебімен басым түскен еді.

УЕФА. Ұлттар лигасы. С тобы

Словакия - Қазақстан - 0:1 (0:1)

Гол соққан: Дарабаев