Футболдан UEFA Суперкубогының иегері анықталды

Футболдан UEFA Суперкубогының иегері анықталды
Сурет: Inform.kz

Барлығы 24 команда

Испанияның «Реал Мадрид» командасы футболдан UEFA Суперкубогының биылғы иегері болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Финляндия астанасы Хельсинки қаласындағы «Олимпийский» стадионында өткен кездесуде испаниялық клуб Германияның «Айнтрахт» командасымен кубокты сарапқа салды.
Кездесу барысында «Реал Мадрид» сапынан Давид Алаба 37-минутта есеп ашса, 65-минутта Карим Бензема қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша испаниялық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, кубокты жеңіп алды.
UEFA Суперкубогының басталғанына биыл тура жарты ғасыр толып отыр. Қазірге дейін «Реал Мадрид» аталған турнирде жеті мәрте бақ сынады. Оның 4-інде жеңімпаз атанса, 3-інде қарсыласына есе жіберді. Ал «Айнтрахт» аталған турнирге тұңғыш мәрте қатыспақшы.
Суперкубокты иелену жөнінен «Реал Мадрид» Испанияның «Барселона» және Италияның «Милан» командаларымен теңесті. Олардың әрбірінде бес-бестен кубок бар.
Жалпы, мұндай атаққа барлығы 24 команда қол жеткізді.