Футболдан өткен ел біріншілігінде «Мақтарал» «Тұраннан» басым түсті

Футболдан өткен ел біріншілігінде «Мақтарал» «Тұраннан» басым түсті
Сурет: Lada.kz

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы ойында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Атырау» 0:0 есебімен тең түсті.

Тағы бір кездесуде Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Ақтаудың «Каспий» клубын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, алғашқы ойын күнін «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тұран» (Түркістан) кездесуі қорытындылады.

Ойын барысында қос команданың бір-біріне гол соғатын мүмкіндігі аз болған жоқ. Турнир кестесінде төменгі орындарда келе жатқан командалар үшін жеңіске жету ауадай қажет болатын. Кездесудің 47-минутында «Мақтарал» ойыншысы Рамазан Каримов есеп ашты.

Ал 94-минутта Ғалымжан Кенжебек есепті үстемелей түсті.

Осылайша «Мақтарал» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Енді 21 тамызда «Тобыл» (Қостанай) мен «Тараз», «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, «Ақтөбе» мен «Ордабасы» (Шымкент), «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.

Ойындар «Qazsport» және ПФЛК-ТВ арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.