Футболдан Қазақстан кубогында «Қайрат» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан кубогында «Қайрат» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті Сурет: Elorda.info

Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі үшінші туры мәресіне жетті.


Аталған турдағы соңғы ойында Алматыда жергілікті «Қайрат» Павлодар облысының «Ақсу» командасын 3:2 есебімен сүріндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Кездесу барысында алматылық клубтан Вячеслав Швырев 38, Артур Шушеначев 58, Гүлжігіт Алыкулов 79, Данияр Үсенов 93-минуттарда гол соқты. Оған павлодарлық клубтан Арман Смайылов 55, Мирас Тұрлыбек 91-минуттарда қос голмен жауап қайырды. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.


Сондай-ақ, «Ақжайық» (Орал) «Қызылжар» (Петропавл) командасын 1:0, «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды) 0:0 есебімен тең ойнады. Ал «Тобыл» (Қостанай) өз алаңында «Мақтаарал» (Түркістан облысы) командасына 1:4 есебімен жол берді. Еске салсақ, бұдан бұрын 22 шілдеде «Атырау» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасына 0:4 есебімен есе жіберсе, «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары 0:0 есебіне қанағат білдірді. Сондай-ақ, 23 шілдеде қызылордалық «Қайсар» сырт алаңда Ақтаудың «Каспий» командасын 2:1 есебімен сүріндірді. Енді төртінші тур ойындары 29, 30, 31 шілде күндері өткізіледі.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31