Футболдан Қазақстан біріншілігі басталды

Футболдан Қазақстан біріншілігі басталды
Сурет: Tolqyn.kz

Оныншы тур ойындары екі күнге белгіленген

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің оныншы туры басталды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Оныншы тур ойындары екі күнге белгіленген. Алдымен 7 мамырда төрт кездесу өтсе, 8 мамырда тағы үш ойын болады. Мамандар аталған турдағы басты ойын ретінде шымкенттік «Ордабасы» мен елордалық «Астана» командалары арасындағы кездесуді атайды. Тоғыз турдан кейін 14 ұпаймен «Астана» үшінші орында тұрса, «Ордабасы» дәл сондай ұпаймен әзірге төртінші орында келеді. Кездесу бүгін, 7 мамырда елорда уақытымен 18:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Оныншы турдағы өзге ойындар кестесі төмендегіше: 

7 мамыр 16.00. «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тараз». «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

20.00. «Қайрат» (Алматы) пен «Атырау». «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 20.00. «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) 

8 мамыр 15.00. «Ақжайық» (Орал) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы). 

17.00. «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе». «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

19.00. «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды). «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Турнир кестесінде «Тараз», «Каспий» және «Астана» командалары көш бастап келеді.