Футболдан Еуропа біріншілігі: Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

Футболдан Еуропа біріншілігі: Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстандық футболшылар В тобында сынға түседі

Футболдан жастар құрамалары арасындағы 2025 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жеребе тарту рәсімінде жеті топта алты құрама топтасса, екеуінде бесеуден жасақталған.

Қазақстандық футболшылар В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Венгрия, Шотландия, Мальта, Бельгия және Испания құрамалары.

Турнирдің финалдық сатысына 15 құрама шығуға мүмкіндік алады. Оған жарысты ұйымдастырушы ел ретінде Словакия қосылады.

Іріктеу сатысы 2023 жылдың наурыз және 2024 жылдың қараша айлары аралығында өткізіледі. Әрбір топтан жеңімпаз және үздік нәтижеге қол жеткізген үш құрама тікелей жолдама алады.

Ал тобында екінші орын алған қалған алты құрама қалған үш жолдама үшін өтпелі ойындар өткізеді.

Құрамалардың топтарға бөлінуі төмендегіше:

А тобы: Италия, Ирландия, Норвегия, Түркия, Латвия, Сан Марино

В тобы: Испания, Бельгия, Шотландия, Венгрия, Қазақстан, Мальта

С тобы: Нидерланд, Швеция, Грузия, Солтүстік Македония, Молдова, Гибралтар

D тобы: Германия, Польша, Израиль, Болгария, Косово, Эстония

E тобы. Румыния, Швейцария, Финляндия, Албания, Черногория, Армения

F тобы: Англия, Украина, Сербия, Солтүстік Ирландия, Әзербайжан, Люксембург

G тобы: Португалия, Хорватия, Грекия, Беларусь, Фарер аралдары, Андорра

H тобы: Франция, Австрия, Словения, Босния және Герцоговина, Кипр

I тобы: Дания, Чехия, Исландия, Уэльс, Литва

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталады.